ДОС ЖӘНЕ БАУЫР ЕКІ ЕЛДІҢ ТУРКОЛОГЫ МЕН ЕЛШІСІ
ПРОФ.ДР. ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ
08.07.1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті туған ауылында бітірген соң бұрынғы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) филология факультетіне оқуға түсіп, сол кездің атақты филологтары мен әдебиетшілерінен (З.Қабдолов, А.Аманжолов т.б.) дәріс алады. Мақсаты болашақта мықты филолог және турколог болу еді. Еңбекқор, қамқор және позитифті мінезімен ұстаздары мен достары тарапынан құрметке ие болады және оқуын үздік дипломмен аяқтайды (1980). Ұстаздарының қолдауымен бітірген кафедрасында 1980-1988 жылдар аралығында оқытушылық қызметте еңбек етеді және 1987 жылы филология ғылымдарының кандитаты, 2008 жылында да профессор атағына ие болады.
1993 жылына дейін бітірген оқу ордасында қазақ тілі мен филологиясы саласында көптеген мақалалармен қоса біренеше кітап жариялап доцент атанады. Кеңес одағының ыдырауынан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірінде өзгерістер алып жатқанындай ол да өз өмірінде өзгерістерді басынан өткізеді. Ғалымдығымен қоса дипломаттық қырымен де таныла бастайды.
1993 жылы өміріндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі және өмір жолының жаңа белестерінің бастауы болатын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Африка елдері бойынша басқармасында хатшы, бөлім бастығы (1993-1994) қызметтерінен кейін Қазақстан Республикасының Түркия елшілігінде бас хатшы орынбасары, бас хатшы болып қызмет атқарады. Бұл қызметтерден жинаған білім мен тәжірибе алдағы жылдарда Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарында маңызды рөл ойнайды (1994-1997).
Филология ғылымдарының докторы, ұстаз атағы өзінің шәкірт және үйренуге деген құштарлығын шектейтін емес. Білім алған Мәскеу Мемлекеттік Университетінен халықаралық құқық саласындағы дипломымен филолог атағымен қоса Турколог, саясат және дипломатияық жолда нық қадамдармен жүре бастайды (2009).
Түркиядағы қысқа мерзімді дипломаттық қызметтен кейін Қазақстанға оралады және Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы сияқты қиын да жауапкершілігі зор қызметке тағайындалады (1997-1999). Ғалым ретінде шетелдегі қызметінен кейін ел шыңындағы осындай қызметте орын алуы ел билеу, бюрократия, дипломатия және халықаралық қатынастарда кең ауқымды көзқарасқа ие болады. Шүбәсіз бюрократиялық және мемлекеттік қызметте жастардың орын алулары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел басқарған алғашқы күндерінен жастарға деген маңыздың және «Болашақ» бағдарламасымен Қазақстанның болашағын мықты фундаментке құрғанының айқын белгісі болып табылады.
Қазақстан президенті табысты, еңбекқор және жасампаз қазақстандық жастардың жолын ашуға әрдайым әзір. Сенім артқан жастардың елдің әр қызметінде қызмет етулерін қалайды. Нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев оны ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы қызметінен көп уақыт өткізбей ҚР Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы етіп тағайындайды (1999). Ыстамбұл Түркияның жүрегі, мегаполис. Ыстамбұлдың күретамырын ұстап тұру Азияның, Таяу Шығыстың, Балкандар мен Еуропаның күретамырын ұстап тұрымен пара-пар. Сондықтан Ыстамбұлдағы қызметі ол үшін маңызы зор еді.
Еңбекқорлығы, шынайылығы, жүзі жылы, мемлекеттік қызметте жинаған мол тәжірибесі, ғылым, өнер, мәдениет, саясат және айналасындағылармен орнатқан достық қарым-қатынасы, қатысқан ресми басқосулар және жеке өзінің әрекеттерімен түркиялықтардың жүректерін жаулай бастайды. Түрік кәсіпкері, өнерпазы, тілшісі және әдебиетшісі, онымен бас қосқанда өз елдерінен келген бір елші яки бір ғалыммен сөйлесіп отырғандай жылулық пен рахатқа бөлінетін.
Ыстамбұл тәжірибесінен кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемдегі экономикалық және саяси толқуларды ескере отырып қайтадан Қазақстанға шақырады. Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы және кеңесшісі болып тағайындалады (1999-2006). Ұзақ мерзімді бұл қызмет нәтижесінде Ыстамбұлдан кейін бұрынғы КСРО-ның және қазіргі Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуге Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалады (2006-2007). Дін, тіл, ұлт не болса болсын адам және ел деп бөліп қарамай бұл жерде де орыс пікірлестерімен қоса өнер адамы, ғалымы және кәсіпкерлерімен шынайы достық орнатады. Сонымен қатар, Мәскеудегі басқа елшіліктердің дипломаттарымен де қарам-қатынастарын дипломатиялық шарртарға сай жасады. Осы жерде құрған достық және жинаған тәжірибе, атып түсірілген ұшақ жағдайынан кейін Ресей-Түркия қарым-қатынастарының қалыпты жағдайға түсуіне өз септігін тигізеді. Сөзсіз екі ел арасындағы шиеліністі шешуге, ел президенті Ердоғанның айтқанындай Ақсақал Назарбаевтың үлесі өте зор еді. Оның жасаған іс-әрекеттері болмағанда екі ел арасындағы шиелініс ұлғая түсер еді.
Мәскеуден қайтқан соң, еліндегі маңызды министрліктердің біріне жаңа қызметке тағайындалады, Білім және Ғылым Министрлігі болатын (2007-2010). Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен қазақ жастарының әлемдік рейтингте алғашқы бес жүздіктегі ЖОО-да оқыту (жылына 30000 шәкірт) жобасын іске асыру жобасы еді. Дамыған Қазақстан құру үшін «Болашақ» бағдарламасын іске асыру үшін арнайы мекемелер құрылады. Төрт жылдық мерзімнен кейін дамыған мемлекеттердің ЖОО-н (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Жапония) бітірген, төрт тілді меңгерген білікті жас мамандар жоғарғы лауазымдарға тағайындалады. Бұл жоба іске асып алғашқы жемістерін бере бастайды. Бұл маңызды табыста кеңесші, орынбасарлары және министр ретінде өзінің де үлкен үлесі бар еді.
Осы кезде Қ.Я.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңесінің мүшесі де болады. 2010 жылында екінші отанындай боп кеткен Түркияға қайтадан Төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалып, бұл қызметті 2016 жылына дейін абыроймен атқарады.
Ғылым мен дипломатия әлемінде ұлттық және халықаралық жетістіктерге қол жеткізген тұлғаның мемлекеттік қызмет орындары тарапынан алған марапаттарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Алайда, кейбір марапат пен алғыстырды атап өтпеуді дұрыс емес деп санаймыз. Мемлекеттік деңгейдегі марапаттары: Құрмет ордені (2003), Парасат ордені (2001).
Астананың 10 жыдығы (2008), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы (2011), Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығы (2015), Түрік кәсіпкерлері тарабынан Қазақ-Түрік қарым-қатынастарына қосқан үлесі үшін марапат (2011), Түрік Туризміне қосқан үлестері үшін Туризм және Таныту Платформасы (TUTAP) ұйымының марапаты (2011).
Ж.Түймебаевты 1993 жылы Анкара Университеті ТОМЕР оқытушысы болып Әлем Тілдері Университетінде түрік тілінен дәріс бергенімде танысқан едім. Жас, қайратты және адам жанына жақын ғалым. Адамдармен танысқан бойда сенім беретін әзілге жақын тұлға екенің байқататын. Кейін Анкарада Туналы Хилмиде қызмет ете бастадым. Жансейіт мырза болса елшілікте қызметте еді. Бірнеше рет кездесіп әңгімелесуге нәсіп болды. Әрдайым жігерлі, шынайы және сенім ұялататын қасиетімен айналасындағыларға позитивті энергия беруші еді.
Түркі Тілдері және Әдебиеті журналынының Абай, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезовқа арналған арнайы басылымдарымен қатар, қазақ филологтары мен әдебиетшілерінің мақалаларын түрікшеге аударып жариялануларына қосқан үлесі орасан. Университет, бизнес және саясат әлеміне қатысты басқоларға шақыртуларды елеусіз қалдырмайтын, тіптен Анкарадан да тысқары аймақтарға ерінбей баратын.
Елші кезінде де елшілікте кездесуге мүмкіндік туғанда, қыруар шаруаның барына және шаршап тұрғынына қарамастан шамамен бір жарым сағатын бөлген болатын. Елшіліктің іс-шараларын, Қазақстанмен байланысты жарияланған жазбаларды біртіндеп айтып берді. Коннцеренция залы мен елшілік бақшасын аралатты. Ғалым және дипломат Түймебаев студент болсын, кәсіпкер болсын, ғалым болсын өзімен кездескісі келген (шарттар мен уақытқа қарай) әр жанға болымсыз түрде жауап қатқаны есімде емес.
Көп елші, дипломатпен жақсы қарым-қатынаста болдым деп айта алмаймын. Бар жоғы жиырма алты жасымда шет елде (бауыр қазақ елі) қызмет ету мүмкіндігіне ие болған Түркия азаматымын. Қызметіме сай елшілікпен үнемі байланыста болдым. Марқұм Озалды Қазақстанда қарсы алдық. Протокол, ресми кездесулер, елшілердің өзара қарым қатынастары…. осылардың бәрін жақыннан көріп, бойыма жинақтадым. Түркияда әсіресе Түрік тілдес республикаларының тәуелсіздік мерекелеріне қатысты іс-шараларға қарапайым оқытушы ретінде қатысуыма және тамашалауыма мүмкіндік туған еді. Он бір жыл бойғы Қырғызстандағы қызметім кезінде АҚШ, Германия және басқа да елші мен елшітердің іс-шараларына күә болдық.
Көрген мен білгендерімді саралай келе маған екі елдің елшісі әсер етті. Шынайы, ешқандай да қоса айтқан емес адамгершілік және жаратылыстарымен….. Қазақстан елшісі Проф. др. Жансейіт Түймебаев пен АҚШ-тың Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006 жылдар арасында қызмет еткен аты-жөні есімде емес). АҚШ елшісі бір жиында оққағарларынан ұзақтау жерде қонақтар арасында аралап жүргенінде қырғызстандық мектеп оқушылары келеді. Айналасына жиналған оқушылардың әрқайсына жеке жеке қөңіл бөліп, жылы шырай танытып сұрақтарына біртіндеп жауап қатқан еді. Ерінбестен…
Ж.Түймебаевтан сөз етер болсақ… ағылып тұрған түрікшесімен Түркияда барған әр жерде көшедегі адамға, төбедегі бюрократқа жеткенге дейін ешқайсысын бөлектемей тыңдайды, әңгімесіне қосылады. Онымен бірнеше рет сөйлескеннен кейін оқушы, қарапайым адам, кәсіпкер Қазақстан елшісі емес Түркия Республикасының елшісі деп сезінетін. Ал шындығына келгенде Ж.Түймебаев екі елдің де елшісі, ғалымы.
Студент, магистрант, докторант болып жүрген жас турколог, әкім, елші болуға үміткер кімді үлгі тұтуларына қатысты пікір сұраса бір ғана сөзбен «Ж.Түймебаев» деп айтар едім.
Ғылым мен дипломатиялық қызметтен соң мемлекеттік лауазым басқа бір белес. Ж.Түймебаев мемлекеттік қызметтің әр сатысынан өткен өте тәжірибелі және ой-өрісі бай тұлға.
Құрметті Проф.Др. Жансейіт Түймебаев,
Қаламыңыз қолыңыздан түспесін. Алла мықты денсаулық нәсіп етсін.
Проф.Др. Ахмет Гюнгөр
Филолог, жазушы, МАИНдің академігі