GÜNGÖRNAME

UDDÜ

ӨМİРБАЯН Қазақ тiлi Ахмет Гүнгөр PDF Yazdır e-Posta

Аймақтық Әлеуметтiк- Инновациялық Университетi Профессоры

(26.04.2017)

Қазақстан Республикасы Халықаралық  Ақпараттандыру Академиясы академиги

(06.06.2017)

http://academy.kz/nashi-novosti/item/6290-otchet-po-itogam-rasshirennogo-zasedaniya-prezidiuma-main-06-iyunya-2017-g-v-g-almaty

1967 жылы Чорум қаласының Аладжа ауданында өмірге келген. Орта білімін Сунгурлы қаласында алған Ахмет Гүнгөр, 1990 жылы Гази университетінің Педагогикалық білім беру факультетін тәмәмдаған. 1991-1992 жылдары әскери борышын атқарған. 1992 жылдың тамыз айында Анкара университетінің «Тіл үйрету» (ТÖMER (Түрік тілін оқыту-үйрету орталығы) орталығында түрік тілі мамандығы бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өткен. Педагогикалық іс-тәжірибесін аяқтаған соң, 1992 жылдың қараша айында сол мекемеге қарасты «Түрік тілін оқыту-үйрету» орталығының Самсун қаласындағы бөлімшесінде түрік тілі пәнінің оқытушысы әрі «Түрік тілі» кафедрасының меңгерушісі ретінде еңбек жолын бастаған. 1993 жылдың сәуір айында Түркия Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің қолдауымен қазақстандық дипломаттарға түрік тілін оқыту мақсатында Қазақстанның Алматы қаласында тоғыз ай қызмет атқарған. Алматыдағы қызметі кезінде қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты зерттеу жұмыстарын жасаған. Мұндағы қызметі біткен соң, TÖMER-дегі қызметіне оралған. Бұдан кейін Анкара университеті «Түрік тілін оқыту-үйрету» (TÖMER) орталығының Газиантеп қаласындағы бөлімшесіне қызметке тағайындалып, «Шет тілдерін оқыту» кафедрасы меңгерушісі әрі түрік тілі пәнінің оқытушысы ретінде бір жыл қызмет атқарған.

1994 жылы Анкара университеті «Түрік тілін оқыту-үйрету» (TÖMER) орталығының Анкарадағы Туналы Хилми бөлімшесінде «Түркі тілдері және әдебиеттері» кафедрасы тарапынан шығарылатын «Түркі тілдері және әдебиеттері» журналының Бас редакторы болған. Мұнымен қатар Анкара университеті «Түрік тілін оқыту-үйрету» (TÖMER) орталығында құрылған Ғылыми зерттеу кеңесінің (BİLAK) төрағалығын да атқарған. Осы қызметте жүріп қазақтың танымал ақын-жазушылары Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов; түркімендердің танымал ақыны Мақтұмқұлы; әзірбайжанның танымал ақыны Бақтияр Вахапзаде және Әлішер Науаи секілді түркі әлеміне кеңінен танымал тұлғаларға арналған арнайы сандардың жарыққа шығуына өз үлесін қосқан.

Ахмет Гүнгөр ғылыми жұмыстарын негізінен түрік тілін оқыту әдістемелері мен қазақ-қырғыз тілдеріне қатысты жүргізген. Қырғызстан Ұлттық университетінде «Қырғыз тілі грамматикасы» мамандығында магистратура бағдарламасын (2003) тәмәмдап, К. Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық ғылымдар университетінде «Түркология» мамандығы бойынша «Қырғыз және түрік тілдеріндегі ауру атауларына қатысты эвфемизм сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған (2006).

1998-2004 жылдары арасында Қырғызстан-Түркия Манас университеті «Заманауи тілдер» колледжінде «Түрік тілі» дайындық сыныптарының координаторы қызметін атқарған. 2004-2005 оқу жылынан бастап «Заманауи тілдер» колледжінде «Тіл біліміне кіріспе», «Қырғыз тілінен түрік тіліне ауызша аударма жасау әдіс-тәсілдері» және «Қырғыз тілінен түрік тіліне ауызша аударма жасау әдіс-тәсілдері» пәндерінен дәріс жүргізген.

2009 жылы Қырғызстан-Түркия Манас университетінен кейін Синоп университеті Жаратылыстану және әдебиет факультеті «Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасының құрылтайшы-оқытушысы ретінде қызметке тағайындалған. 2009-2012 жылдары Синоп университетінде қызмет атқарған. 2012 жылы Гиресун университеті Жаратылыстану және әдебиет факультеті «Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы қызметіне ауысты. Мұнымен қатар Гиресун университеті «Түрік тілін оқыту-үйрету» (TÖMER) орталығын ашып, орталық директоры қызметін де атқарған. 2016 жылдан бері Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өз қызметін жалғастырып келеді.

Қазіргі таңда қазақ, қырғыз және түрік тілдерінде салыстырмалы түрде фразеологиялық тіркестер бойынша жұмыстар жасауда.

Үйленген, үш баласы бар.

Меңгерген тілдері

Меңгеру деңгейі

Ағылшын

IELTS: 4.5

Орыс

Орта деңгей (оқып жаза алады, сөздік қолдану арқылы аударма жасай алады)

Арап

Орта деңгей

Қазақ және қырғыз

Жоғары деңгей (Қырғыз, қазақ тілдерінде дәріс жүргізе алатын деңгейде )

Өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, татар

Орта деңгей

Қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлестері:

А. Ғылыми мақалалары

1. Гүнгөр Ахмет (1996). Түрік тілінің алфавиті және буын үндестігі, «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы (6).

2. Гүнгөр Ахмет (1996). Jambıl Jabaev’in Destan Sanatı, «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

3. Гүнгөр Ахмет (Мухиттин Гүмүшпен бірге) (1995). Abay’da İz Bırakanlar. «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы (2).

4. Гүнгөр Ахмет (1995). Kazakistan’da Manas Destanı Araştırmaları (Prof. Dr. Kunapiya Alpısbayev). «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

5. Kazak Edebiyatının Ölümsüzlük Ateşi: Muhtar Awezov, http//www//gungorname.com

Аударған мақалалары

1. Гүнгөр Ахмет (Қазақшадан түрікшеге) (1998). Türk Dillerinde Terimlerin Ortak Kullanılmasının Temel Prensipleri (Prof. Dr. Ömirzak Aytbayulı). «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

Аударған кітаптары

1. Гүнгөр Ахмет (доц. док. Зейнеш Исмаилмен бірге) (1996). Жамбыл. «Ahmet Yesevi Vakfı» баспасы-4.

2. Гүнгөр Ахмет (доц. док. Зейнеш Исмаилмен бірге) (1997). Абай жолы, І-ІІ том. «Bilig» баспасы.

3. Гүнгөр Ахмет (доц. док. Зейнеш Исмаилмен бірге) (1997). Мұхтар Әуезов әңгімелері. «Bilig» баспасы.

4. Гүнгөр Ахмет (доц. док. Зейнеш Исмаилмен бірге) (1997). Мұхтар Әуезов туралы мақалалар. «Bilig» баспасы.

5. Гүнгөр Ахмет (доц. док. Зейнеш Исмаилмен бірге) (1997). Мұхтар Әуезов мақалалары. «Bilig» баспасы.

Қазақ ақын-жазушылары үшін шығарылған журнал сандарына қосқан үлестері

1. Абайға арналған арнайы саны, Анкара университеті TÖMER «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

2. Жамбылға арналған арнайы саны, Анкара университеті TÖMER «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

3. Мұхтар Әуезовке арналған арнайы саны, Анкара университеті TÖMER «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналы.

Халықаралық конференцияларға шыққан мақалалары

1. Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматов әңгімелеріндегі әйел образы, Айтматов окуулары-2016, 12-13 желтоқсан, Бішкек, Қырғызстан.

2. Мұхтар Әуезовтің түркі әлеміне әсері, А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 01/11/2016.

Марапаттары

1. Қазақ жазушысы М. Әуезовке арнап шығарған «Türk Lehçeleri ve Edebiyatı» журналының арнайы саны үшін Анкара университеті «Түрік тілін оқыту-үйрету» (TÖMER) орталығының «Başarı Plaketi» марапаты

 

 
Türkçe Öğretimi

İSTATİSTİKLER

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterBugün44
mod_vvisit_counterDün93
mod_vvisit_counterBu Hafta955
mod_vvisit_counterGeçen Hafta1094
mod_vvisit_counterBu Ay2304
mod_vvisit_counterGeçen Ay4346
mod_vvisit_counterToplam323967

IP Numaranız: 54.90.159.192
home search